#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шардара: Баспанамен қамту — басты назарда

Шардаралық «Нұротандықтар» сайлау науқанын қарқынды өткізуде.


Түркістан-Шардара. Шардаралық «Нұротандықтар» сайлау науқанын қарқынды өткізуде. Бұл орайда кандидаттар халықпен кездесулер ұйымдастырып, үгіт жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.

Таяуда «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихатқа кандидаттар аудан орталығында тұрғындармен кең көлемді кездесу өткізді. Жиында тұрғын үй шаруашылық мәселелері талқыланатын болғандықтан болар, жиынға қатысушылардың қарасы қалың болды.
– Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдайды. Ауданда 1249 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Шардара қаласында 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
2025 жылы бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 23-тен 28 шаршы метрге жеткіземіз.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде:
-2021 жылы Шардара қаласында 40 пәтерлік 6 тұрғын үй (14,0 мың ш.м.) құрылысына;
-2022 жылы Шардара қаласы 4 мөлтекауданында 6 тұрғын үй (14,0 мың ш.м.) құрылысына;
-2023 жылы Шардара қаласы 4 мөлтекауданында 8 тұрғын үй (19,4 мың ш.м.) құрылысына;
-2021-2025 жылдар аралығында жеке тұрғындар қаржысы есебінен Шардара ауданының шығыс және батыс аймағында 80 га егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша 382 учаскесінде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге;
-«Ауыл Ел бесігі», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында Шардара қаласы мен 10 ауылдық округтердің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында көркейту және абаттандыру жұмыстарын жыл сайын жүргізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылы қолжетімді тұрғын үймен 1 182 отбасы қамтамасыз етіледі,-дейді кандидаттар.
Айта кетерлігі – таяуда аудан орталығында Әл-Фараби көшесінің бойынан тұрғызылып жатқан 4 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үй ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңа пәтерлер тұрғындарға негізінен 5 санат бойынша – І-ІІ топ мүгедектеріне, тұл жетімдерге, көп балалы отбасыларына, аз қамтамасыз етілген отбасыларға және бюджеттік мекеме қызметкерлеріне берілді. Ыстық-суық суы тоқтаусыз ағып тұрған жайлы пәтерлер негізінен 2 және 3 бөлмелі. Аудан орталығында тағы да осындай 40 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлауалды штабының қорынан төленді.

Соңғы жаңалықтар