Шолаққорған ауылының тұрғыны ұзақ жылдардан бері қаржы саласында қызмет атқарып, қазіргі таңда зейнеткерлікке шыққан апайымыз Ботагөз Бармағанбетовамен кездесіп қайттым. Ондағы мақсат – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру болатын. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын күшейту мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын ерекше атап өттім.
Акция аясында партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі көзделген мақсаттарды атап өтіп, 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдым.
Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!