«Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық маслихаты депутаттығына үміткер Бекасыл Төлендиев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Сайрам ауданындағы бірқатар ауылдар мен кәсіпорындарды және сауда орындарын аралады. Ондағы азаматтарға партияның бүгінге дейін атқарған жұмыстарымен және алдағы 5 жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Nur Otan-ға дауыс беруге шақырды.
Олар алдымен Ақсукент-2 елдімекеніндегі «АХБК» тігін фабрикасы, «АсылLTD» бидай өңдейтін кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Сондай-ақ, Ауған соғысы және Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен ардагерлері мен ауыл ақсақалдарының батасын алды.
Сондай-ақ, нұротандықтар «ЦветЛит» ЖШС-де жұмысшыларымен және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, партияның ықпалымен ауданда алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.
«Nur Otan» партиясы жалпы елімізде 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығының өнім көлемі 1,3 есеге, еңбек өнімділігі 2,5 есеге, экспорт 2 есеге ұлғайтып, өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бастысы өзімізде шығарылатын азық-түлік тауарларымен елімізді толық қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл дегеніміз ауыл шаруашылығы саласына бейім өңірлерге көптеп көңіл бөлінеді деген сөз. Яғни, сайрамдықтар осы партияның шарапатын көретін күн алыс емес. Мәселен, 1,2 мың жоба іс қосылып, 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға төмендейді», – деді Б.Төлендиев.
Сонымен қатар, партия мүшесі аймақтағы инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешілетінін де жеткізді. Атап айтқанда, 2025 жылға дейін аудандағы барлық елдімекендер 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтылатын болады. Одан бөлек, ауылдардағы көшелердің қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 90,7 пайызға жететіні айтылды.
Айта кетейік, екі үміткер де елдімекендерді аралап канвасинг және экспромт кездесулерден бөлек, «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде қоғамдық қабылдау өткізді. Онда аудан тұрғындарын толғандырған сауалдарына нақты жауап беріп, партиямен бірге болуға шақырды. Түрлі форматта өткізілген басқасулардың соңында азаматтар халықтық партияға дауыс беріп, Nur Otan-ға қолдау білдіретіндерін айтты.
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ДАУЫС БЕР!
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясының сайлау қорынан төленді!