«Қазақфильм» киностудиясы түсірген он мультфильм YouTube-те жарияланды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz тілшісі.
«Жаңа жыл бұл — сыйлықтар, ғажайып пен тосынсыйлар уақыты. Бұл мерекені әсіресе балалар жақсы көреді. Жас көрермендерімізге біздің де дайындаған тосынсыйымыз бар. Біз «Қазақфильм» шығарған 10 мультфильмді ашық көрсетілімге шығардық», — делінген киностудияның Instagram-дағы хабарламасында.
Он картина 1971 мен 2009 жылдар аралығында түсірілген. Олар: «Кім патша болады?», «Голубая планета», «Волшебное зеркало», «Держись, ребята!», «Цыпленок», «Чьи уши лучше?», «Менікі», «Последний олень», «Момын мен қарақшылар», «Ұры мен қасқыр».