Алматы-Екатеринбург автожолында күкірт қышқылы төгілді, деп жазады ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
26 желтоқсан сағат 06:00 шамасында Шет ауданында Қошқарбай ауылынан 2 шақырым жердегі Алматы-Екатеринбург автожолының 912 шақырымында MAZ маркалы жүк көлігі аударылған.
Сыйымдылығы 30 тонна автоцистерна күкірт қышқылын тасымалдаған.
«Тасымалданатын күкірт қышқылының жалпы мөлшері шамамен 20 тоннаны құрады, сегіз тонна күкірт қышқылы төгілді. Төгілудің жалпы ауданы 80 шаршы метр», делінген департамент таратқан ақпаратта.
Төгілуді жою және майсыздандыру бойынша жұмыстарды SaryArka Copper Processing тау-кен металлургия компаниясының қызметкерлері жүргізеді.
Сонымен қатар департамент топырақ сынамасы нәтижелері туралы қосымша хабарлайтындарын жеткізді.