Жаңабазар ауылында болған «Nur Otan» партиясынан Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Исақұлов, Б.Смайлов, С.Саипов, Қ.Қамбарбекова, Г.Тулешова, Ғ.Сапаралиев үй үйді аралап, «Есіктен есікке» акциясын өткізді.
Кездесу барысында, сайлаушыларға коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі ерекше және өзекті болып отырғандығын, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға ғана емес, жаңа экспорттық тауарларды іздеуге де күш-жігер біріктіріліп, келісілген іс-қимыл жасалатынын, өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру, халық тығыз орналасқан елді мекендердегі мал жайылымдар мәселесін оңтайлы шешу, қосалқы шаруашылықтарды одан әрі дамыту мен жақсарту үшін мемлекет тарапынан қолдау, аудан аумағында арнайы агроаймақ құру жұмыстары жалғастырылатындығы жайлы бағдарламаның бөлімдеріне түсінік жүргізді..
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
ü «Асыл бастау. kz» ЖШС-нің майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру өндірісін ашуға;
ü «Сапа-2002» ЖШС-нің мал бордақылау кешенін 20 000 басқа ұлғайтуға;
ü 5000 бастық бордақылау алаңын салуға (ЖК «Р.Мамбеталиева»);
ü қолданыстағы қайта өңдеу объектілерінің шығарылатын өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге ықпал етеді;
ü кәсіпкерлер мен фермерлерге инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы үшін қолдау көрсетеді;
Нәтижесінде асыл тұқымды мал басының үлесі артып, мүйізді ірі қара мал саны 10,0%-ға, қой саны 15,0%-ға артады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу көлемі 2,5 млрд. теңгеге жеткізіледі деп айтып өтті.
Кездесу соңында ауыл тұрғындарын алдағы науқанда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
”Nur Otan” партиясы Түркістан облысы Қазығұрт ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді