Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласындағы пәтерлердің бірінен 3 ер адамның денесі табылды. Оларға оқ тиген, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
21 желтоқсанда Курчатовта аса ауыр қылмыс жасалған. Қаладағы пәтерлердің бірінен 3 ер адамның денесі табылған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қылмыс жасағаннан кейін өзін-өзіне қол салған. Оның кім екені анықталды. Қаза тапқан адамдар Курчатов қаласында тұрады», — дейді ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.
Қазіргі таңда бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерде бұл қылмыс қала көшелерінің бірінде болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.