Ақтөбеде өтіп жатқан жүзуден Қазақстан чемпионатында ерлер арасындағы бәсеке басталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Olympic.kz. сілтеме жасап.
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден жеңімпаз атанды. Екінші орында Жамбыл облысының өкілі Нұрдәулет Жұмағали, үшінші орында ақтөбелік Константин Корольков орналасты.