Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасындағы арал сатылымға қойылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Арал иесі 225 гектар жерді 1,5 миллиард теңгеге бағалап отыр.
«Арал екі өзеннің: Ертіс пен Бұқтырманың түйіскен жерінде орналасқан», — дейді арал иесі.
«Ол 1998 жылы болған. Қаз аралы сол кездегі қолданыстағы жер заңына байланысты, ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында сатып алынған. Артынша арал иесінің қалауы бойынша және экономикалық соттың шешімі бойынша, учаскенің қолдану мақсаты өзгертілді. Ол тауарлық жерлер санатына ауыстырылып, ЖШС құрылды. Арал иесі бәрін сәйкестендірді. Бүгінде учаске жеке меншікте, жер тауарлық өндіріс үшін ауыл шаруашылығына сәйкес келеді», — дейді аудан әкімі.
Қалиқан Байқонысовтың сөзінше, ол аралдың сатылатыны туралы хабардар.