Павлодарда белгісіз біреулер анасы мен үш баласын өлтіріп кеткен. Олардың денесі пәтерден табылған, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«9 қарашада сағат 12.00-де полицияға Айманов көшесіндегі пәтерлердің бірінен төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген тергеу тобы үй иесінің пәтерге кіре алмай жатқанын анықтаған. Ал пәтерден әйелі мен 2013, 2015 және 2017 жылғы үш баласының мәйіті табылған. Балалардан зорлық белгілері анықталған», — деді Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.