#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан жастары «Ауылдағы бір күнім» телевизиялық реалити-шоуын ұйымдастырды

Шара аясында «Мал мен егін – көл-көсір өнім» сайысында бақ сынады.

Шара аясында «Мал мен егін – көл-көсір өнім» сайысында бақ сынады. Оған облыстағы 16 аудан-қаладан белсенді де, өнерлі ерікті жастар қатысты. Қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен шара облыс деңгейінде ұйымдастырылып отыр.⠀

Бес кезеңнен тұратын сайыстың негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығын жастар арасында дәріптеу, жастардың еңбек қабілеттілігін арттырып, баулу. Сондай-ақ облысымыздағы ірі шаруашылық орталықтардың жұмысын жастар арасында насихаттау мен ауыл жастарының ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлік белсенділігін арттыру.⠀

Екі күнге созылған жарыста жастар 4 командағы бөлініп, алма теру, қой қырқу, картоп жинау, мақта теру және интеллектуалды қабілеттері бойынша сынға түсті.
«Мал мен егін — көл-көсір өнім» атты сайыста 16 аудан-қалалар келген волонтерлар 4 командаға бөлініп жарысты.


Алғашқы тапсырма алма теру болатын. Қазығұрт ауданындағы бақтан алма теруге жастар белсене кірісті. Ән айта жүріп, қораптарын да толтырған оларды қазылар алқасы әділ бағалады. Нәтиже бойынша ең көп ұпай жинаған «Алатау» командасы алға шықты. Ол топтың құрамында Түлкібас, Сайрам, Төле би, Қазығұрт жастары болды.

Ауылдағы бір күнін өткізген волонтерларға екінші тапсырма қой қырқу болды.⠀Жігіттер қауымы бұл тапсырмада барынша ептілік танытты. Сондай-ақ кейбір жігіттеріміз қой қырқу сайысын алғаш рет көріп тұрғанына қарамастан ұйымдастырушылардың тапсырмасын жоғары дәрежеде орындауға тырысты. «Сырдария» құрамасының жігіттері ептілігімен алға шықты. Топ құрамында Сарыағаш, Мақтарал, Келес, Жетісайдың жігіттері болды.

«Мал мен егін — көл-көсір өнім»⠀Сайыстың екінші күні Сауран ауылдық округінде картоп қазып, оны жинаумен басталды. ⠀
Картоп жинауда жастардың жылдамдығы және өнімді таза жинауы есептелді.⠀Қазылар алқасының нәтижесі бойынша бұл кезеңде де «Сырдария» құрамасы алғашқы орынды алды.

Соңғы кезең мақта теру еді. «Оңтүстік — ақ алтынның Отаны» болғандықтан, бұл сайыста жастарға тапсырма ретінде берілгендігі орынды. Мақта теру кезінде қатысушыларды бағалаған қазылар алқасы мақтаның тазалығы мен салмағына жіті мән берді. Бұл сайыста барынша еңбектеніп көзге түскен «Алатау» командасы дараланып алға шықты.Бұл сайыстың соңғы кезеңінен сүрінбей өткен командада Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Қазығұрт аудар жастары бой көрсетті.⠀
Жастардың ептілігі мен еңбекке деген қабілеттерін ескере отырып қазылар әділ шешім шығарды.⠀

Нәтиже бойынша⠀⠀
III орын «Қаратау» командасы;⠀
II орын «Алатау» командасы;⠀
I орын «Сырдария» командасы;⠀
Бас жүлде «Тұран» командасына бұйырды⠀

Соңғы жаңалықтар