#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мұрат Әйтенов Елтай мекеніндегі төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы Елтай елді мекенінде орын алған төтенше жағдайлардың болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыстың барысымен танысты.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы Елтай елді мекенінде орын алған төтенше жағдайлардың болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыстың барысымен танысты.
Бүгінде тасқын судың алдын алу бойынша елді мекен шетіндегі сайларға, яғни, қаупі жоғары деген он жерге бөгет орнатылуда. Олардың көлемі 20х8, 25х10 және 30х10. Су жинағыштарының жалпы сыйымдылығы 200 мың м3 құрайды. Мердігер мекеме «Отар-құрылыс» ЖШС-гі. Құрылыс мекемесі жұмыстарды желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, мұнда ауылдың ортасынан өтетін тереңдігі 1,5 метрді құрайтын арықты тазалау жұмыстары жүргізілсе, жаяу жүргіншілерге арналған доңғалақ бетонды көпірдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Көпірдің ұзындығы 9 метр, жалпы көлемі — 100 метр.
Мұрат Әйтенов жұмыстың сапасына баса мән беруді айтып, су тасқынының алдын алу бойынша салалық басқармалар мен аудан әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді.Төтенше жағдай

Соңғы жаңалықтар