#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкенттіктер сүт өнімдерін көп тұтынады

Шымкент қаласы тұрғындарының ең көп тұтынатын тағамдары - сүт пен сүт өнімдері, жұмыртқа мен нан және жарма өнімдері болып шыққан.

Шымкент қаласы тұрғындарының ең көп тұтынатын тағамдары — сүт пен сүт өнімдері, жұмыртқа мен нан және жарма өнімдері болып шыққан. Бұндай мәліметті ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті ресми сайтында жариялаған. Ал, шымкенттіктердің ең аз тұтынған өнімдері балық және теңіз өнімдері мен май және мал майы екен, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Статистердің мәліметінше, 2020 жылғы IІ тоқсанда 2019 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда үй шаруашылықтарының тұтыну шығыстарындағы азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсаған шығыстарының көп үлесі ет және ет өнімдері мен нан өнімдері, жарма өнімдері, сүт және сүт өнімдеріне тиесілі болған.
Айта кетейік, қалада сегіз айдың ішінде 100 миллион данадан астам жұмыртқа мен 35,2 мың тонна сүт өндірілген. Ал, ет өндірісі 1,1 пайызға артып, 10,6 мың тоннаны құраған.

Соңғы жаңалықтар