#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Праймеризде Жетісайлық 7279 партия мүшесі дауыс береді

Түркістан облысы Жетісай ауданында 85 үміткер праймериз барысында өзара сынға түсуде.

Түркістан облысы Жетісай ауданында 85 үміткер праймериз барысында өзара сынға түсуде. Үміткерлердің 34 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болса, 31-і 35-50 жас аралығындағы, 25-і 50 жастан үлкен азаматтар саналады.
Олардың ішінде 3 үміткер ҚР Парламент Мәжілісіне, 11-і облыстық мәслихатқа, 71-і аудандық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелген. Бүгін бұл жайлы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың Жетісай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Ол алдымен Жетісай ауданындағы Қазыбек би елді мекеніндегі дауыс беру орындарының жұмысымен танысты.
Айта кетейік, Жетісай ауданында кездесулер мен дебаттар өтетін 14, дауыс беретін 15 орын белгіленген. Оның 5-і бюллетень арқылы дауыс беруге арналған. Осы жәйтті ескерген «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары дайындық жұмыстарын күнделікті пысықтап, қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді жүктеді.
«Дауыс беру өте күрделі кезең саналады. Сол үшін дауыс беру орындары партиялық ережеге сай жабдықталуы керек. Сондай-ақ, онлайн дауыс беретін мүшелерге де қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Аудандық филал басшылығы осы бағытта күнделікті тынбай еңбек еткені абзал», — деді Бейсен Дәулетұлы.
Мұнан соң Бейсен Дәулетұлы аудандық мәдениет үйінде өткен дебатқа арнайы қатысып, үміткерлермен кездесті. Сондай-ақ, аудандық партия филиалының ғимаратында бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелерімен жүздесіп, еркін форматта өзара пікір алмасты. Жалпы Жетісай ауданында 20 бастауыш партия жұмыс істесе, оларда 7279 мүше бар.
Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының түсауа Мақтаарал ауданында жалғасын тапты. Алдымен Мырзакент кентіндегі дауыс беретін орындарды аралап көріп, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесті. Сондай-ақ, Бейсен Дәулетұлы Мақтаарал ауданындағы праймеризге қатысушы кандидаттармен жолығып, оларды толғандырып жүрген сауалдарына жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, Мақтаарал ауданының ұйымдастыру комитетіне праймеризге қатысушы 66 үміткерден өтініш қабылданған. Олардың ішінде 1 үміткер ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер, 8 үміткер облыстық деңгейге үміткер, 58 үміткер аудандық деңгейге үміткер ретінде тіркелді. Ал жалпы ауданда 13 бастауыш партия ұйымы, 4658 партия мүшесі бар.

Соңғы жаңалықтар