#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Әкімнің қабылдауына келген азаматтардың мәселесі шешімін тауып келеді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті онлайн қабылдауы өтті. Онда сегіз қала тұрғыны өз сауалдары мен өтініштерін жеткізді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті онлайн қабылдауы өтті. Онда сегіз қала тұрғыны өз сауалдары мен өтініштерін жеткізді.
Қашықтан болған кездесуде қала тұрғыны А.Затыбекова бастауыш сынып мұғалімі екенін айтып, жұмысқа тұруына көмек көрсетуін сұраса, Жайлау шағын ауданының тұрғыны Қ.Төнтекова Баққараев көшесіне асфальт төсеу мәселесін көтерді. Сонымен қатар, Қаратау ауданының тұрғыны Е.Жүнісов Қайнар-бұлақ тұрғын алабын ауыз су мен газ және сапалы электр жарығымен қамту жайын көтерді.
Шымкент қаласы білім мекемелерінің барлық бос орындары туралы ақпаратты www.hr-process.kz. сайтынан көруге болатынын айтқан қала әкімі қалада педагогтар мен білім ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау аталған сайт арқылы ашық конкурс негізінде жүргізілетінін атап өтті.
Сондай-ақ әкім Жайлау шағын ауданындағы 5 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттен тиісті қаржы қаралып, жолды жөндеу жұмыстары басталғанын жеткізді. Ал, Қайнар-бұлақ тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынғанын және алдағы уақытта 2760 тұрғын үй электр қуатымен қамтылатынын мәлім етті. Бұдан бөлек, аталған тұрғын алапты ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 2022 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын да айтты.
Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған қала басшысы сала мамандарымен кеңесе отырып айтылған мәселелер назарға алынып, рет-ретімен шешілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар