Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті болып тағайындалды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Ақан Сатаев 1971 жылы 23 желтоқсанда Қарағандыда дүниеге келген. 1994 жылы Алматы қаласында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірді. Оқуды бітірген соң екі фильмге түсті. Сол кездері режиссёр, продюсер ретінде жарнамалар түсірумен айналысып үлкен табысқа жетіп, 300 жарнамалық роликтер шығарумен қатар бірнеше «Алтын Жұлдыз» сыйлықтарын иеленді. 2003 жылы Sataifilm студиясының негізін қалады.
Сондай-ақ Qazaqstan ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша «Ағайынды» сериалын түсірді. Сонымен қатар, Сатаев «Районы», «Томирис», «Жаужүрек мың бала» кинокартиналарының режиссері.