#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Дәріханаларға дәрі-дәрмек, медицицналық құралдар жеткізу жұмыстары атқарылуда

Шымкент қаласындағы "ХимФарм" кәсіпорны және "Зерде-Фито" фармацептикалық компаниясынан қаладағы дәріханаларға үздіксіз дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары атқарылуда.

Шымкент қаласындағы «ХимФарм» кәсіпорыны және «Зерде-Фито» фармацептикалық компаниясынан қаладағы дәріханаларға үздіксіз дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, медициналық мекемелермен медициналық көмекті өз уақытында көрсетуді қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор арқылы 207,1 млн.теңгеге қосымша дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарға тапсырма берілді. Бүгінгі күнде 76,8 млн.теңгеге тауар жеткізілді.

Мониторинг нәтижесі бойынша көптеген дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Тұрғындардың жиі сұранысының көбеюіне орай:

— Ыстықты түсіретін дәрілердің (Парацетамол, Эффералган, Панадол, Нурофен, Ибупрофен, Нимесулид) 238 486 қоры бар, оның ішінде дәріхана қоймаларында — 115 389 қорап болса, дәріханаларда — 123 097 қорабы бар.
— Вирусқа қарсы дәрілердің (Ингавирин, Эргоферон, Кагоцел, Арпефлю) қоры 38 187 қорап, оның ішінде — 25 518 қорабы дәріхана қоймаларында, ал дәріханаларда — 12 869 қорабы бар.

— антибиотиктердің саны (Азитромицин, Цефтриаксон, Цефиксим, Амоксициллин, Левофлоксацин) қоры 592 899 қорап, оның ішінде дәріхана қоймаларында — 502 788 қорап болса, дәріханаларда — 90 101 қорабы бар.

Соңғы жаңалықтар