#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Шомылуға тиым салынған жерлерді атты патруль тексереді

Шымкент қаласында шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар департаменті жанынан атты патруль құрылды.

Шымкент қаласында шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар департаменті жанынан атты патруль құрылды. Құтқарушылар, полицейлер және жергілікті әкімдіктің қызметкерлері қаланың шалғай аудандарын атпен аралап, тұрғындарға насихат жұмыстарын жүргізеді. Қауіпсіздіктің алдын алу шарасындағы жаңашылдықты Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері енгізген екен.

Қазірде патрулдің құрамында 4 ат бар. Көлік өте алмайтын ең қиын жерлер мен және тыйым салынған аймақтарда шомылуға әуесқойлармен күреске енді арнайы жасақ кезекшілікпен аралайды.

Шомылу маусымы ашылғалы ТЖ мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп Шапырашты елді мекенінде насихаттау жұмысын ұйымдастырған. Мұнда жергілікті балалар шомылатын бірнеше өзен бар. Әсіресе түстен кейін шомылушылардың қарасы көбейеді. Сала мамандарының дерегінше тыйым салынған жерлерде көбінесе балалар ата-анасының қарауынсыз шомылады. Қала шетіндегі өзендерде тиісті инфрақұрылым мен құтқару стансасы жоқтығынан қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Тексеру барысында өзеннің жағалауындағы тұрғындарға арнайы белгіленбеген жерде шомылудың қауіпті екенін ескертіп, жадынамалар таратты. Сонымен қатар, балалар үшін өзендер үлкен қауіп төндіретінін, қатты ағыс, суық су және түбіндегі өткір тастар, қарапайым абайсыздық нағыз қайғылы жағдайға әкелуі мүмкіндігін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар