#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Бүгін – Халықаралық музей күні

Халықаралық музейлер кеңесі бұл атаулы күнді 1977 жылы бекіткен.

Халықаралық музейлер кеңесін (International Council of Museums — қысқаша ICOM ) дүниежүзінің музей ісі мамандары 1946 жылы құрған болатын. Ұйымның мақсаты – табиғи және мәдени жәдігерлерді сақтай отырып, өткен мен келешекті байланыстыру, халықтар арасында өткен заманның мұраларын танымал ету. Музей арқылы кез келген қоғам тарихи-мәдени мұраларға деген көзқарасын, құрметін білдіреді. Есте жоқ ескі замандардан қалған рухани және материалдық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтай отырып, музейлер ауқымды деңгейдегі ғылыми-ағарту, білім, тәрбие ісін жүргізеді.

1992 жылдан бастап Халықаралық музей күні музей саласына қатысты белгілі бір тақырыппен өтетін болған. Бұл саланың негізгі мәселелерінің бірі – музей құндылықтарын заңсыз шығару. Міне, осындай проблеманың алдын алу үшін қоғам ішінде өткеннің құндылықтарын бағалай білерлік мәдениет қалыптастырған абзал.

Шымкент қаласында 5 музей: Тарихи-өлкетану, «Ерлік», «Хакім Абай», Бейнелеу өнері, Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі бар.

Соңғы жаңалықтар