Облыстық жастар орталығы жанынан штаб құрылды. Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Облыстық жастар ресустық орталығы жанынан “Біргеміз, Мақтарал!” волонтерлық штабы құрылды. Қиындықта елімізге тіреу бола білген жігерлі жастарымыз қауіпсіз аймақтарға орналастырылған халыққа азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажеттілікпен қамтамасыз етіп, күндіз-түні тынымсыз еңбек етуде.