#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Биыл Жетісай ауданында 200 ден астам көше жөндеуден өтеді

Биылғы жылы Жетісай ауданының ішкі көшелерін жөндеуге жалпы құны 1 млрд 217 млн 869 мың теңге бағытталған.

Биылғы жылы Жетісай ауданының ішкі көшелерін жөндеуге жалпы құны 1 млрд 217 млн 869 мың теңге бағытталған. Бұл қаржыға 200 көшеге орта (асфальт) және ағымдағы (тас төсеу) жұмыстары жүргізіледі.

Жетісай ауданында 113 елді мекен ,1 қала, 1 кент бар. Аудан бойынша 38 көшеге орта жөндеу ( асфальт) жұмыстары жүргізілсе, оның 33 көшесі ауылдағы көшелердің еншісінде. Ал, 162 көшеге ағымдағы яғни тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұның ішінде 158 көшесі ауылдардың еншісіндегі көшелер жөндеуден өтеді. Қосымша 3 көшеге аяқ жолдар салу жұмыстары жасалатын болады.

« Ауданымыз бойынша былтыр 166 көше жөндеуден өтсе, биыл бұның санын 200 ден асырып отырмыз. Бұл дегеніңіз аудан тарихында рекордты жол жөндеу жұмыстары басталды деген сөз. Оның ішіне облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының арнайы тапсырмасымен ұзындығы 63 шақырымды құрайтын, өтпелі кезеңмен 130 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ол көшелерді биыл бастаймыз» дейді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.

Жетісай ауданы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары бойынша Республикалық және облыстық бюджеттен тиісті қаржылары бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек ел аузында «Жетісай — Мақталы» бағытындағы көше аталып кеткен Негізгі атауы КХ 86 ұзындығы 19.9 км болатын көше өтпелі кезеңмен жөндеуден өтетін болады.

 

Соңғы жаңалықтар