Әлемде аты жаман Тәж вирусы індетінің құрбаны болғандардың саны 110 827-ден асты. Расталған мәлімет бойынша 1 миллион 800 мыңнан астам адам осы індетті жұқтырған. Ал, сауығып кеткендердің саны 412 мыңнан асыпты. Әрине бұл цифрлардың саны алдағы уақытта өсіп не кеми түсері анық. Дегенмен, бұл зобалаңның әлем экономикасына салқыны қатты тиіп жатыр.
Эпидемияның орталығына айналған Қытайда індеттің беті қайтқанмен қарт құрылық Еуропада (Италия, Франция, Ұлыбритания), АҚШ-та қайтыс болғандардың саны қабырға қайыстырады.
Ғаламдық өркениеттің бесігі, мәдениеттің ошағы болып саналатын ірі қалаларда карантин жарияланып, бір сәт тұрғынсыз шаһарлаға айналуда.
Назарларыңызға қырағы көз фотографтардың объективіне ілінген карантин құшағындағы әлем қалаларының қазіргі тыныс-тіршілігін ұсынамыз.