#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркия тарапы Қытайдан жазбаша мәлімдеме талап етті

Түркия Қытайдың «Сovid-19» эпидемиясымен күрес аясында Арменияға жолдаған көмек пакеттері үстіне Ағры тауы жайлы ағылшын тілінде жазған мәтін туралы мәлімдеме талап етті.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Қытайдың «Сovid-19» эпидемиясымен күресте Арменияға жолдаған көмек пакеттерінде Ағры тауына жасаған сілтемеге қатысты сұрағына жазбаша жауап қайтарғанын білдірді.

Аталмыш хабарлар жайлы кеше сыртқы істер министрлігі Қытайдың Түркиядағы Өкілетті елшісі Денг-Ли және Пекин әкімшілігінен Сыртқы істер министрлігі ретінде мәлімдеме талап етілгенін атап көрсеткен Хами Аксой «Өкілетті елші Денг Арменияға жолдағандары көмектердің жергілікті бір әкімшілік тарапынан дайындалғанын және көмектің Ереванға жекеменшік фирма арқылы жеткізілгенін білдірді. Аталмыш жергілікті әкімшілік тарапынан пакеттердің үстіне тек қана Қытай тілінде жазылғанын, қытайша Ағры тауы туралы сөз қозғалмағанын баса айтты. Ағылшын тіліндегі жазудың кейін қосылғанын анықтағандарын жеткізді» деді.

Өкілетті елші Денгтің жағдайдың тексерілгенін және қорытындыны түрік лауазымдыларына жеткізітіндерін білдіргенін мәлімдеген Аксой «Қытай Түркияның егемендігі мен шекара тұтастығын құрметтегенін тағы бір рет қайталады» деді.

Соңғы жаңалықтар