Немістің автомобиль өндірушісі BMW Еуропа және Солтүстік Америкадағы зауыттарында көлік өндіруді уақытша тоқтату мерзімін 30 сәуірге дейін созды.
BMW компаниясы көлік өндіруді тоқтатудың мерзімін екі аптаға созғандарын білдірді.
Сонымен қатар компания әлем көлемінде көлік саудасының жылдың алғашқы ширегінде өткен жылдың сол мерзімімен салыстырғанда 20,6 пайыз азайып, 477 111-ге төмендегенін хабарлады.
Бірінші ширекте BMW көлігінің саудасы Еуропада 18,3 пайыз және Америка Құрама Штаттарында 17,4 пайыз төмендеген.