#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

БРАЗИЛИЯ ФУТБОЛ ҚҰРАМАСЫН ОТАНДАСТАРЫ СОҚҚЫНЫҢ АСТЫНА АЛДЫ (Видео)

"Әлем чемпионатымен қош айтысқан Бразилия ұлттық құрамасын отандастары соққының астына алды", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Football Related HQ ютуб желісіне сілтеме жасап.

Видеода көрсетілгендей ұлттық құрама өкілдері мінген автобусқа бразилиялық футбол жанкүйерлері түрлі ұсақ тез жарылғыш заттар лақтырып, өз реніштерін білдірген.
Естеріңізге салар болсақ, Қазанда өткен 1/4 финалдық кездесуінде Бельгия құрамасы пентакампеондарды 2:1 есебімен ұтқан болатын. Осылайша, Роберто Мартинес жаттықтыратын Бельгия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 
Бельгиялықтар ойындағы екі голды да бірінші таймда соқты. 13 минутта бразилиялық жартылай қорғаушы Фернандиньо өз қақпасына автогол соғып алды. Ал 31 минуттағы Кевин Де Брюйненің тепкен добын қақпашы Алиссон қайтарып үлгермеді.
Екінші таймда Бразилия құрамасымен есепті теңестіру үшін барын салғанмен, бір голмен ғана шектелді. Ол голды ойынға тыңнан қосылған Ренато Аугусто соқты. Соңғы минуттарда Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа да бірнеше сэйв жасап, гол соқтырмай 2:1 есебін сақтап қалды.
Енді 1/2 жартылай финалдық ойынында Бельгия құрамасы Франция құрамасымен кездеседі.
Ойын 11 шілде күні Астана уақытымен түнгі 00:00 сағатта Санкт-Петербургтегі «Петровский» стадионында өтеді.

Соңғы жаңалықтар