#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ҒАБИДОЛЛА ӘБДІРАХЫМОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің жаңа әкімі болып қайта тағайындалды. Ол бұл қызметке Нұрлан Сауранбаевтың орнына келді. Бұл туралы Аdym.kz ақпарат агенттігі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын», — делінген Ақорданың хабарламасында.
Ғабидолла Раxметоллаұлы Әбдірахымов
1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауылында дүниеге келген. 1996 жылы экономист-бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару неміс жоғарғы мектебін бітірген. Еңбек жолын 1996-1997 жж. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті болып бастаған. 1999-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мемлектетік қызмет істері агенттігінің маманы, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі, төрағасының орынбасары және төрағасы лауазымына дейін қызметтер атқарған. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал, 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген. Отбасылы.
Ғабидолла Әбдірахымов 2015 жылдың 19 тамызынан 2017 жылдың қазанына дейін Шымкент қаласы әкімі қызметін атқарды. Қазіргі таңға дейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды.
Еске сала кетсек, бұған дейін шаһар басшысы болған Нұрлан Сауранбаев қала әкімі қызметіне 2017 жылдың 7 қарашасында тағайндалған еді. 19 маусымда Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық қала мәртебесін берген болатын.

Соңғы жаңалықтар