«Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген хабарламада.
Редакция таңдауы
Н.НАЗАРБАЕВ: «ШІЛДЕНІҢ БІРІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ БОЛЫП БЕКІТІЛДІ»
"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлттық домбыра күні туралы" Жарлыққа қол қойды", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.