#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ГЕРНОТ РОР: «ОРЫСТЫҢ СЫЛҚЫМДАРЫН ЕМЕС ТЕК ФУТБОЛДЫ ОЙЛАУ КЕРЕК»

Нигерия ұлттық құрамасының бас бапкері Гернот РОР Ресейде өтетін әлем біріншілігі кезінде ойыншыларының өзгеше сексуалды режим ұстайтынын айтты. Бұл туралы Adym.kz ақпарат агенттігі zhasalash.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Турнир кезінде футболшылармен әйелдері мен отбасы мүшелері кездесе алады. Әрбір ойыншының жеке бөлмесі болады. Сондықтан да жұбайлары жаттығу  және ойын болатын  күннен басқа уақытта келе алады. Алайда, мен жігіттерге орыстың сылқымдарымен (жеңіл жүрісті) кездесуге тыйым саламын. Тек команда капитаты Микелге ғана рұқсат беремін. Себебі оның қызы орыс», — деді африкалық команданың бас бапкері.
64 жастағы неміс маманы Гернот Рор Әлем чемпионаты алдында 2- маусым күні Англия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Матч Уэмбли стадионында болады. Нигерия футболшылары топтық кезеңде Аргентина, Исландия, Хорватия футболшыларымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар