Жаңадан салынатын тұрғын үй кешенінің құрылысы үш кезеңмен жүргізіледі. Жоба толығымен жүзеге асса, 208 мың шаршы метрді құрайтын, 3976 пәтерлі 61 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне тапсырылатын болады.
Сонымен қатар, «Қошқар-ата» өзені жағалауын абаттандыру бойынша ені 10 метр, ұзындығы 1200 метр аумақ халық серуендейтін демалыс орнына айналмақ. Бүгінде аталған жоба аясында өзен жағалауының Ордабасы алаңынан Өзбек көшесіне дейінгі 300 метрден астам аралығына аяқжол салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Редакция таңдауы
ТҮЙМЕБАЕВ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДАН КӨШ БАСТАП ТҰР
"Шымкентте «Ескі қаланы жаңғырту» жобасы аясында "Қошқар ата" өзені жағалауынан "Қошқар ата" тұрғын үй кешені бой көтермек", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.