9 мамыр Жеңіс мерекесі күні Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды. Қазақ француз біріккен «Катко» кәсіпорнының демеушілігімен балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы ашылды. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов, «Катко» кәсіпорнының бас инженері Николя Дюбек қатысты.
Салыхан ПОЛАТОВ, Созақ ауданының әкімі:
— Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз етеді деп мәлімдеген болатын. Бұл нысанда ауыл тұрғындарының жаппай спортпен айланысуға мүмкіндік береді. Елбасы Жолдауын іске асыру бағытанда атқарылып жатқан шаралар.
Өз кезегінде Николя Дюбек тұрғындарды жаппай спортпен айналысуға шақырып, мерекемен құттықтады.
Айта кету керек мамыр айының соңында Құмкент ауылынан тағы да 200 орындық зәулім спорт ғимараты ашылады. Жалпы Созақ ауданында 2017 жылы 6 спорт нысаны пайдалануға берілген болатын. Биылғы жылы өзге ауыл округтерден бизнестің әлеуметтік жаупакершілігі аясында барлығы 10 футбол алаң ашылады.
Редакция таңдауы
ОҚО-ДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ЕҢ КӨП АУДАН БЕЛГІЛІ БОЛДЫ (Фото)
Adym.kz: "Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды", деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.