#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«PHOTOBAR» — тәуелсіз елдің фотошежіресін жасайды (фоторепортаж)

Adym.kz: Өнердің оңайы болмайды. Оған жетудің жолы машақатқа толы болмақ. Егер адам бойына өнер еңбексіз, ізденіссіз келсе оның ғұмыры да солай келте болмақ.
Кеңестік кезеңде «Зенит» фотоаппаратын ұстаған адамның төбесі көрінсе, ауыл-аймақ хан көргендей асты-үстіне түсіп жігжапар болатын. Апталап, айлап сол «таңсықты» күтетін.
Қазір рахат, технологиялық төңкеріс «сурет түсіргіш» құрылғыны кез-келгенге қолжетімді етіп қоя салды. Алайда, фотоаппарат арқалағанның барлығы кәсіби, деп ойламаңыз.
Бұл салада да бокстағыдай бөлініс бар. «Кәсіпқой», «Әуесқой». Фотообьективтері қас-қағым сәтті қалт жібермей «құлатып» тынса біріншісі, ал, қиыс кетіп, ауа қармап қалса соңғысы.
Міне, сондай кәсіби фотографтардың ізденісімен тәуелсіздік жылдары елімізде көптеген өнер ұжымдары құрыла бастады. Солардың бірі «Photobar» клубы. 2016 жылы елордамыз Астана қаласында белгілі фотограф Максим Рожин мен tengrinews.kz сайтының фототілшісі Тұрар Қазанғаповтың бастамасымен құрылған ұйымның қазіргі таңда 20- дан астам (Бұл құрам әлі де толығады дейді клуб құрушылары) мүшесі бар.
Фото әуелі өнер. Сосын, ол – тарих. Ал, сол «тарихты» жасаушылар – фотографтар. Сондықтан ғаламтор кеңістігінде байтақ отанымыз – Қазақстан туралы кездесер фотошежіре тым «жұпыны» болмауы керек. Оны жасаушылардың қанында отаншылдық колорит тасып тұруы шарт.
Осы қасиеттерді бойына сіңіре білген клуб мүшелерінің кез-келгені да өз ісінің шеберлері. Осы жылдың басында аталған клуб Астана қаласында өзінің бір жылдық есепті фото көрмесін өткізді. Нәтижесінде тәй-тәйлаған өнер ұжымының аты ел аузына ілініп үлгерді.
Мұнан бөлек, клуб мүшелерінің туындылары Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі мен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «PHOTO FEST KZ» халықаралық фотофестивалінде көрмеге қойылып, шетелдіктердің жоғары бағасына ие болды.
Жуырда кілең «шедевр» түсіретін Photobar-лықтар атап айтқанда Максим Рожин, Тұрар Қазанғапов, Дана Жұлдызбек, Руслан Хасанов және Мақсат Шағырбаев ішкі туризмді нәсихаттау үшін Оңтүстік Қазақстан облысына фототур ұйымдастырды. Қазыналы Оңтүстік Қазақстан туралы мағлұмат  іздеген оқырманға сапалы контент ұсынуды мақсат тұтқан «Снайперлер» апта бойы Күнгейдің көркі көз тартар көрікті мекендерін нысанаға алмақ.
Кезекті сапардың әлхисасы  тек еліміз ғана емес Кеңес тұсында алыс-жақын шетелдерге де танымал Байжансай  кен байыту кентінен басталды.
Назарларыңызға кәсіби фотографтардың Байжансайда түсірген туындыларын  ұсынамыз.
 
 
Нұршат ТӨКЕН,
Фото авторы: Мақсат ШАҒЫРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...