Adym.kz: Қала мәдениеті ондағы тұрғындар үшін жасалынған рухани, әлеуметтік шарт-жағдаймен өлшенеді. Оған әрбір қала тұрғыны үлес қосуы жазылмаған заңдылық.
Міне, бүгін қаланың дамуына өз үлесін қосуды азаматтық парыз санаған шаһар тұрғыны Əміржан Сейтжанов игілікті іс жасады.
Ол қала қонақтары мен тұрғындары жиі баратын Шымкент зообағына келіп, мекеме ұжымына арыстанның төлі абаданды сыйға тарту етті.
Жыртқыштың лақап аты – «Конор». 4 айлық абаданның денсаулығы жақсы. Вольерге кірген бойда, жанындағы басқа жыртқыштарға бой үйретіп, өзіне тән мінезімен «азуын» көрсете бастады.
Айта кетсек, зообаққа 241 түрлі 2500-ден астам бас жануар бар. Бүгінде күн өткен сайын Шымкент зообағына келушілердің қатары артып келеді.