Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада әйелдер эстафетасында Беларусь құрамасы жеңімпаз атанды. Құрама сапында қазақ қызы Динара Әлімбекова өнер көрсетіп, чемпиондық тұғырға көтерілді.
Ол бұған дейін 2015 жылы 19 жасында Беларусьта өткен биатлоннан жастар және жасөспірімдер арасындағығы Әлем чемпионатында алғаш рет әлем чемпионы атанған.Динара Әлімбекова 1996 жылы 05 қаңтарда Қарағанды облысы, Абай қаласында дүниеге келген. Әкесі қазақ, шешесі орыс. 3 жасында отбасымен Беларусьқа көшіп келген. 11 жасынан бастап шаңғы спортымен айналысқан.
Қазірден бастап Дарья Домрачеваның ізбасары ретінде қаралуда. Беларусь құрамасының болашақтағы басты жұлдызы болады деп күтілуде.