«Дене тәрбиесімен айналысамын, жүгіремін деген үйреншікті жауаптар бар. Жас кезімнен бері спортпен айналысып келемін және бұл әдетіме айналған. Бірақ, саясаткер үшін ең үлкен бақыт — жұмысқа келу, жоспарыңды жетілдіріп, халыққа ұсыну. Және оны жүзеге асырған саясаткер — ең бақытты жан. Жүзеге асырған. Бұл шабыт сыйлайды. Жаның қалаған жұмысты тап, сонда өмір бойы жұмыс істейсің деген сөз бар. Дәл осылай құлшыныспен, ынта-ықыласпен жұмыс істесең, ісің алға басса — шабыт, күш және энергия аласың. Үнемі алда жүріп, халықтың арманы мен үмітін жүзеге асыру керек, сонда мәңгі жас боласың», — деді Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатында.