Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі Түркістан облысына сапары барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңын әзірлеу жөнінде тапсырма берген болатын.
Заңда келесідей негізгі ерекшеліктері қарастырылған: — қаланың өзіндік сәулет үлгісін қалыптастыру; — арнайы дизайн-кодын бекіту;- қала құрылысы регламентін бекіту;- кесене айналысында бөтен құрылыс элементтеріне жол бермеу;— қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдану;— тарихи аймақта 7 метрден асатын, түсі және материалдары үлеспейтін объектілердің құрылысын шектеу; — қаланың рухани дамуы мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау; — кесене және қала аумағында орналасқан
25 тарихи—мәдени мұра объектілерін сақтау; — тарихи-мәдени мұра объектілерін сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Аталған Заң Түркістан қаласының одан әрі дамуына келесідей мүмкіндіктер береді: — қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау үшін археология ескерткіштері резерваты құрылады; — ұлттық қолөнерді дамыту мақсатында қолөнер шеберлер шығындарының бір бөлігі бюджеттен өтеледі (өтемақы мөлшері 10%-дан 25%-ға дейін); — мемлекеттік әлеуметтік объектілер салу үшін жеке құрылыс салушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру (мемлекеттік мектептер, балабақшалар, ауруханалар); — туризмді дамыту мақсатында туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді; — автомобиль көлік құралдарын (сегiз орыннан астам) сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді; — санитариялық-гигиеналық тораптардың күтіп-ұстау үшін шығындардың бір бөлігі өтейді; — туристерді тасымалдау жөнінде туристік қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді; — стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын бекітеді.