#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өрт сөндіруге өмірін арнаған құтқарушылардың еңбегі жастарға үлгі

Adym.kz / Жедел-құтқару қызметтеріне оңай жатталып, тез терілетін телефон нөмірлері берілген. Солардың ішінде өрт сөндіру қызметі «101» (бұрынғы «01») болып бірінші тұр.

Бұл демде лаулап, дес бермей кететін қызыл жалынның қауіптілігін ғана емес, өмірі өрт өтінде жүретін жандардың жұмысы қаншалықты қиын екендігін де айғақтаса керек.

Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.

Өрт сөндіруші мамандығы – өте маңызды және қауіпті. Өрттерді шебер әрі тез сөндіру үшін, ержүрек адам болу кемшілік етеді, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білу қажет. Өрт сөндіруші епті әрі күшті болуы міндет. Ол үшін олар спортпен шұғылдануға үлкен назар аударады, жаттығу барысында өрт сөндіруде қолданылатын арнайы тәсілдер мен жаттығуларды шынықтырады. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді.

Құтқарушы мамандығында қызмет атқаратын қызметкер міндетті түрде ер жүректі, төзімді, физикалық тұрғыдан дайын, сонымен қатар теориялық білімі мен өртпен күресуде практикалық дағдысы болуы керек. Бұл қасиеттердің барлығын Көкпекті ауданы Төтенше жағдайлар бөліміндегі азаматтық қорғаныс прапорщигі Бауыржан Слямбековтың бойынан көруге болады. Оның бала кезіндегі арманы өрт сөндіруші болу және ағасы Қалқаманға еліктеп, адамдарды қауіп-қатерден арашалау болатын.

Өзінің сүйікті мамандығында қызмет атқарып келе жатқанына 20 жыл болыпты. Қызмет атқару кезінде өзін кәсіби сауатты және жауапкершілігі мол қызметкер ретінде танытты. Бауыржан тәжірибелі қызметкер ретінде жас қызметкерлерді өздерінің кәсібін құрметтеуге, өрт сөндіру техникасына, құралдарына және бөлім теңгеріміндегі мүліктерге ұқыпты қарауға үйретеді. Қарамағындағы қызметкерлерге ізетті, кішіпейіл. Ерлігі және қаһармандығының дәлелі оның кеудесінде тағылған орден, медальдары және ерен еңбегі үшін облыс, аудан атынан берілген марапаттары. Қазіргі таңда Бауыржан еңбек демалысына шығып, жары Айша екеуі 3 бала тәрбиелеп отырған бақытты отбасының отағасы.

Өрт сөндіруші нағыз ерлер-дің мамандығы саналады. Үміт-кер азаматтарға қойылатын талап та жоғары. Қызметке жасы 18-32 жас аралығындағы тепсе темір үзетін, денсаулығында ешқандай кінәраты жоқ жастар алынады. Осындай талапқа сай жігіттердің бірі жас маман Шыңғыс Зейнуллин. Ол ең қауіпті мамандықты таңдап, Бауыржандай ағаларының ізін басып жүрген інілерінің бірі. Шыңғыс 2014 Семей қала-сындағы Евразиялық техникумды аяқтаған соң, 2015 жылы әскери борышын өтеп келді. Қазіргі таңда осы бөлімшеде еңбек етуде. Жетекшісі Нұржан Әбілмажиновтың біліктілігімен мамандықтың қыр-сырын меңгеруде.

Нағыз өрт сөндіруші шаршауды әрі «қолымнан келмейді» деген сөзді білмейді. Тәуліктің кез-келген уақытында, тіпті, аптап ыстық пен қақаған аязда ол отқа да, суға да түседі. Осылайша, жүктелген жауапкершілікті арқалаған жандар үшін құтқару, көмектесу деген мақсат күн сайын бірінші орында тұрады.

Өрт сөндірушінің жұмысы оңай емес. Олардың қызметі әлемдегі ең ауыр, күрделі мамандықтардың бірінен саналады. Лауазымдарының өрт сөндіруші-құтқарушы болып өзгеруі де тегін емес. Олардың жұмысы ерлікпен пара-пар. Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін арашалап қалатын жандар қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды. Өрт сөндіруші сөзі абырой, батырлық, өжеттілік сөздерімен қатар естіледі.

Иә, өрт сөндіру сынды жауапты да қатерлі жұмыстарында жүрген ұжым мүшелерінің еңбегі қай жақтан болса да құрметке лайық. Халық «Өрт- тілсіз жау» деп тегін айтпаған. 19 қазан — Құтқарушылар күні ретінде өрт сөндіру мамандарының кәсіби күні болып белгіленген. Бірі білсе, бірі білмейтін бұл атаулы күннің маңыздылығы зор. Өмір мен өлімнің арасында жүріп, ел үшін ерен еңбек сіңіріп жүрген азаматтар мақтан етуге тұрарлық.

Еламан Нукушев бала жасынан өрт сөндіруші мамандығын таңдады. «Мен бір күні біздің мектептің түлектерінің бірі М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсант формасында жүргенін көрдім.Ол ұзын бойлы және батыл болды.Сол сәттен бастап курсант болып,форма киюді армандадым .Өрт сөндіру бөлімінде болып,бұл арманмен одан бетер ауырдым.Арман орындалды-академияны бітіріп, қарауыл бастығы болып қызмет етіп,»отпен күрес мектебінен» өтіп, 10 жылдан кейін Алтай ауданы Октябрьский кенті №20 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары болдым.

Осы жылдар ішінде Еламан өз ауданындағы орман өрттерін жоюға қатысты, көппәтерлі тұрғын үйдегі өрт кезінде қарт әжені құтқарды және биылғы жылы Бұқтырма су қоймасының жағалауында суға батып бара жатқан 13 жасар баланы құтқарғаны үшін «Ізгі жүрек» акциясының жеңімпаздарының бірі болып марапатталды.

Ол өзінің өрт сөндіру бөлімімен және осы жолда берілмей,төтенше жағдайлар офицері болып білім алғанымен мақтады.Оны әрқашан жұбайы Камшат қолдайды. Олардың отбасында бір қыз,бір ұл өсіп келеді.Олар әкесімен өткізген әрбір минутты бағалап,ерекше қуанады.

Әріптестері Еламанды батылдығы мен жауапкершілігі үшін құрметтейді, ол әрқашан өрт сөндіру бөлімі үшін алаңдап және жеке құрамға тиісті көңіл бөледі.

Еламан Нукушевтің жұмысынан басқа қызықты хоббиі бар, ол техникамен айналысады. «Мен мопед мінгенді жақсы көремін, биыл оны сатып алып,аймағымыздың әдемі жерлерін араладым.Жетуі қиын жерлерге мопедпен кептеліссіз оңай жету мүмкіндігі бар.” Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қамтамасыз ету – бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының заңдары мен өзге де нормативтік — құқықтық актілерінің жиынтығы.

Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, сондай — ақ өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Заңға тәуелді актілерге төмендегілер жатады: Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері; Өрт қауіпсіздігінің салалық және арнайы ережелері;

Құрылыстық нормалар және ережелер; Жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз әдістері бойынша республикалық құжаттар; Қазақстан Республикасының «өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы келесі тараулардан тұрады: Жалпы ережелер; Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік билік және жергілікті өзін- өзі басқару органдарының өкілеттіктері; ҚР өртке қарсы қызмет органдары; Өрт қызметін қамтамасыз ету; Өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтар мен міндеттер; Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік.

Білім беру мекемелеріндегі өрт саны жыл сайын барлық тіркелген өрттердің жалпы санының шамамен 2% құрайды. Жалпы сандағы айқындаушы үлесті мектептердегі өрттер алады. Олардың орташа жылдық саны білім беру мекемелеріндегі барлық өрттердің 45% құрайды. Екінші орында – мектепке дейінгі мекемелердегі өрт.Үшінші орында ПТУ-дағы өрт.Жалпы білім беру мекемелеріндегі өрттердің ең көп саны, әдетте, 4 тоқсан ішінде болады. Осы уақытта өрттердің үлесі жылдың екінші және үшінші тоқсандарымен салыстырғанда 25% — ға және бірінші тоқсанмен салыстырғанда 2 еседен артық ұлғаяды.

Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер, өртке қарсы ерікті құралымдар, өрт — техникалық ғылыми-зерттеу мекемелері, уәкілетті органның білім беру ұйымдары, өрт- техникалық өнімдерін шығаратын кәсіпорындар кіреді.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоішілік қызметінің міндеттері мен функциялары уәкілетті органның басшысы бекітетін ережелермен, нұсқаулықтармен регламенттеледі.

Соңғы жаңалықтар