#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Еңбек адамы: Ол 23 жылдан бері бір мекемеде слесарь-жөндеуші болып еңбек еткен

Adym.kz / Өз ісін жетік білетін тәжірибелі маманның жұмыс өтілі 23 жылдан асты. Осы жылдар ішінде өз ісінің шын маманы жұмыс бойынша басшылықтан бірде бір рет сөгіс алмаған.

 ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін алған кейіпкеріміз  Қоныс Қалмасұлы 1982 жылы Ленгір қаласында дүниеге келген. 1999 жылы арнаулы орта білім беретін оқу орнын аяқтаған соң еңбек жолын Төлеби көп салалы коммуналдық кәсіпорнында слесарь-жөндеуші болып бастаған.
Ол кезде шағын қаланың бүкіл тыныс-тіршілігі осы шағын мекемемен тікелей байланысты еді. Коммуналдық кәсіпорын шаһардың күре тамыры саналатын.  Ерте көктемнен қысқа дейін Жолдас Сауқымбаев басқаратын мекеменің қарбалас тіршілігі бір толастамайтын. Қоқыс шығарудан бастап тазалық жұмыстары, көркейту мен көгалдандыру, көшеттер егу, гүлзарлар мен ағаштарды суару, электр бағаналарына кедергі келтіретін ағаш бұтақтарын кесу, көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізу сияқты жұмыстар бірінен кейін бірі кезегін күтіп тұратын. Қыста жолды қардан тазалайды, көктайғақ көшелерге тұз немесе күл шашады. Жаз және күз айларында су себеді. Мұндағы техникалар тоқтаусыз жұмыс істейтін. Кәсіпорын жұмысшылары азғантай айлық жалақысын қанағат тұтып, жанкешті жұмыстан қашпай еңбек ететін. Ол да сондай көнбіс жұмысшылардың бірі еді.
Кейін Қоныс Қалмасұлы  «Жарық жолдар» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне слесарь-жөндеуші болып ауысты. Бұл өзі техникаға жан бітіретін мамандық. Ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуіне аталған коммуналдық сала қызметкерлері айтарлықтай үлес қосып келеді. Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігін біліп, келеңсіз жағдай орын алса, жылдам іске кірісетін коммуналдық саланың жауапкершілігі мол. Шүкір, ол қызметін абыроймен атқарып келе жатыр. Өз ісін жетік білетін тәжірибелі маманның жұмыс өтілі 23 жылдан асты. Осы уақыт ішінде басшылық тарапынан бірде-бір рет сөгіс алмапты. Мұндай білікті мамандар қандай марапатқа болса да лайықты.
«Еңбек ер атандырады» деген осы да.

Соңғы жаңалықтар