#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Еңбек адамы: Трактор тізгінін 37 жыл ұстаған әйел

Adym.kz/ Гүлшат Өмірбекова тракторға алғаш рет 16 жасында отырған. Темірландағы Амангелді мектебін аяқтаған кезде трактордың жүргізуші куәлігін де бірге алған. Міне, содан бері темір тұлпарынан түскен емес.

Мемлекет басшысы қасым-жомарт Тоқаев адал  еңбегімен күн көріп жүрген ңбек адамдарын көпке үлгі етуді үнемі айтып келеді. Президент айтқан сондай азаматтардың бірі Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында тұрады.

Гүлшат Өмірбекова тракторға алғаш рет 16 жасында отырған. Темірландағы Амангелді мектебін аяқтаған кезде трактордың жүргізуші куәлігін де бірге алған. Міне, содан бері темір тұлпарынан түскен емес.

«Баяғы Мырзашев кезінде бізге 40 механизатор қыздарға берген тракторды. Міне, сол кісінің тракторы именной берді облыс бойынша», Төрткүл ауылының тұрғыны Гүлшат Өмірбекова.

Гүлшат апай сол кездегі облыстың бірінші хатшысы берген тракторды көздің қарашығындай сақтаған. Майлап-сылап, ұсақ–түйек бұзылған жері болса, өзі-ақ жөндей береді. Бүгін «Байарыстан» шаруа қожалығының мақтасын оруға келді. Жұмысына жауаппен қарайтын маманды шаруалар құрметтейді. Еңбегін бағалайды.

 «Байарыстан» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың пікірінше Гүлшат апай нағыз өз ісінің маманы. Ауылдастар нағыз маманға заказ беруге кезекке тұрады. Тіпті, апталап күтуге дайын. Өйткені, бұл кісі мақтаның түбін қопсыту ісін жақсы істейді. Терең алады. Содан мақтаның өнімділігі жоғары болады екен.

Гүлшат апай жұмысты таңғы салқынмен сағат 6-да бастап кетеді. Күніне 5-7 гектар, уақыт тығыз болса, 10 гектарға дейін арық қопсытады. Еңбекақысын да асыра айтпайды. Гектарына 2,5-3 мың теңге алады. Маусымына 300 мың теңгедей табыс табады. «Жоқты ешкім қуып жетпейді, барға қанағат», — дейді.

Қыстың күні қорадағы малын бордақылап, нәпақасын табады. Мал шаруашылығына әбден машықтанған ананың арманы көп.

«Мен ер жігіт болсам, истребитель айдар едім. Сондай жақсы көрем техниканы. Қыз бала, ер бала айырмашылығы не? Жүрек болу керек қой», дейді Гүлшат Өмірбекова.

Міне, осылай деген еңбек адамы өз ісінің хас шебері атанған. Еңбек. Еңбек бәрін жеңбек, — деген аталар сөзін ту етеді.

Соңғы жаңалықтар