Түркістан қаласында 45 саябақ, 34 гүлзар және 9 жасыл алаң бар. Оларды күтіп-баптау жұмыстары қалалық әкімдік тарапынан қатаң бақылауға алынған. Бұдан өзге, саябақтар мен гүлзарларда кіші сәулет мүсіндері, орындық, жарықшамдар, аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары сырланып, қайта қалыпқа келтірілді. 12 гектар аумақта 15 мың дана көшет егілген. Сонымен қатар, 9 000 шаршы метр аумақ көгалдандырылды.
Түркістанды гүлдендіруде көгалдандыруға жауапты мекеме қызметкерлерінің еңбегі зор
Түркістан қалалық абаттандыру мекемесінің жұмысшылары шаһардағы 12 гектар аумақта 15 мың дана көшет егіп, 9 000 шаршы метр аумақты көгалдандырған, де хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.
Облыс орталығы болғаннан бері Түркістан түрленіп, келбеті адам танымастай өзгерді. Қазіргі гүлденген Түркістан қажырлы еңбектің арқасында. Президентіміз де өз жолдауында еңбек адамдарын құрметтеуді жиі айтады. Бүгінгі рухани шахардың ажарлануына үлес қосып жүрген еңбек адамдары шаһарды көгалдандырумен айналысатын мекеме қызметкерлері.
Шекті Тілеу, Жолдаяқ , Байбұрт, С.Қожанов, Ж.Майкотов көшелері мен Есімхан алаңына 11 900 түп ағаш отырғызылды.
Қаладағы абаттандыру жұмыстарына 5 мекеме жауапты. Мұнда 600-ге жуық жұмысшы еңбек етуде. Солардың бірі Полатбек аға. Зейнет жасына таяған ел ағасы облыс орталығының гүлденуіне атсалысып жүр. Жұмыс бар, тек қана еңбек ету керек дейді ол.
Ендігі мәселе қала мәдениеті жөнінде. Жұмысшылар тұрғындарға қаланы таза ұстауға шақырады. Өйткені бүгін тазаланған жер ертесіне қайтадан шашылып жататынына қынжылады.
Адам несібесін еңбекпен табады. Ауа райының кез келген қолайсыздығына қарамай жұмыс істейтін жандардың еңбегі бағалы. Сондықтан, Түркістанның тазалығы мен гүлденуіне күні-түні тынбай қызмет етіп жүрген еңбек адамдары қашан да құрметке лайық.