Оның 528-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 270-і жоспардан тыс, 973-і прокуратураның талабы бойынша.
Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 64, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 30, мемлекеттік мекемелер – 17, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 38, оңалту орталықтары – 2, ауруханалар, емханалар – 18, стоматология – 2, дәріханалар – 11, балабақшалар – 69, мектептер – 669, колледждер, лицейлер – 3, дүкендер – 11, сауда үйлері – 8, банк филиалдары – 4, «Қазпошта» АҚ филиалдары – 3, полиция бөлімшелері – 3, ДК – 24, мәдениет үйлері –7, мұрағаттар, мұражайлар – 6, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 3, нотариус – 1, автобус паркі – 1, кітапхана – 1, БЖСМ – 1 және басқалар қамтылды.
Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша кафе-барға жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектісі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
Сонымен қатар, өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар ерекше қажеттілтері бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтті.
Бірінші топ мүгедектігі бар баланың анасы Маржан Сұлтанғазинаның айтуынша, Өскемен қаласында мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайды жақсарту мәселелерінде оң динамика байқалады.
«Мүгедектігі бар адамдар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда, нысан иелері объектілерді құрылыс нормаларына сәйкес келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекемелер ғимараттарды шағымдар мен ұсыныстарды ескере отырып жаңғыртудан өткізіп жатыр. №1 қалалық емханаға, «DEVAL» корей оңалту орталығына, «Үлбі» қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүгедектігі бар адамдар үшін толық қолжетімділік қарастырылған. Жалпы, облыс бойынша инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі мәселелері шешіліп келеді және бұл көңіл қуантады», – деді Маржан Сұлтанғазина.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енген кезден бастап, елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.