Оларды іске асыру шеңберінде өткен кезеңде қандас мәртебесі 10 563 этникалық қазаққа берілді.
Кандас мәртебесі келесі шарттарды ескере отырып: қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстандыру үшін (еңбек тапшылығы бар өңірлер); демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерациялар мен ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарында қоныстандыру үшін; тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен (немесе егер өтініш беруші тұрғын үй иесі болып табылмаса, оның тұруына туыстарының нотариат куәландырған келісімін берумен) өтініш берушінің өтініш беру өңірінің аумағында тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары болып табылатын отбасымен және/немесе жақын туыстарымен (туыстығын растай отырып) қайта қосылуы үшін; жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін (алдын ала еңбек шартын қоса бере отырып) не тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігі бар этникалық қазақтар қатарындағы дара кәсіпкерлер үшін; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар үшін (оқу орнынан анықтаманы қоса берген кезде) беріледі.
Жаңа тәсілдер іске асырылған сәттен бастап еңбек тапшылығы бар өңірлерге қоныстану үшін 3296 этникалық қазақ (1374 отбасы); агломерациялар аумақтарында және ауылдық елді мекендерде қоныстандыру үшін – 948 адам (475 отбасы); отбасымен және/немесе жақын туыстарымен қауышу үшін – 5655 адам (2843 отбасы); бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушілердің шақыруы бойынша орын – 593 адам (295 отбасы); жоғары оқу орындарының студенттері ретінде – 71 адам (69 отбасы) қандас мәртебесін алды.
Естеріңізге сала кетейік, этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясат еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап іске асырылуда. Осы жылдар ішінде Қазақстанға 1 млн 137,1 мыңнан астам адам оралып, қандас мәртебесін алды.