Бүгін әскери оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты жағдайда 2 құтқару «Барыс» батальонының жеке құрамы Алматы қаласындағы жаңа қызмет орнына келді.
Өзінің сөзінде бөлім командирі полковник Ерік Усаев «Барыс» батальонының жеке құрамына зор сенімін білдіріп, өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз атқаруға шақырды.
Б. Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі батальонының тұрақты мекенжайын ауыстыру олардың Алматы қаласындағы төтенше жағдайларға жедел ден қою іс-қимылын арттыру мақсатында жүргізілді.
Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник Асан Айтеев батальон жеке құрамының алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, қиын болса да мәртебелі міндеттерін адал атқара берулеріне қолдау білдірді. Сонымен қатар ол батальондағы заманауи құтқару құралдарына назар аударып, алдағы уақытта бұл құралдар кез келген төтенше жағдайлар салдарымен күресу жолындағы тиімділігін атап өтті.
«Барыс» батальоны өрт, су басу, жер сілкісінісі және қар басу салдарынан туындаған кез келген төтенше жағдайға жедел ден қою мақсатында құрылды.
Бүгінгі күні батальон автомобильдік, инженерлік техникамен және авариялық құтқару құралдарымен, құтқару жабдықтарымен толыққанды қамтамасыз етілген, өз кезегінде бұндай әзірлік оларға барлық жүктелген міндеттерді сапалы, әрі уақтылы орындауға септігін тигізетін болады.