#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Turkistan: «Жер аманаты» комиссиясы 17 мың гектар жерді жайылымға қайтарды

Түркістан облысында 3,1 млн. гектар жайылымға қажеттілік бар. Биыл 1 млн. 12 мың гектарды қайтару жоспарлануда.

Түркістан облысында 17 мың гектар жайылым қайтарылды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 3,1 млн. гектар жайылымға қажеттілік бар. Биыл 1 млн. 12 мың гектарды қайтару жоспарлануда. Оның 405 мыңы мемлекетке қайтарылады. 600 мыңнан астам гектар жайылым иелерімен меморандумға тұру арқылы елдің ортақ пайдалануына ұсынылады. Жаңа бастамаға орай Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының хабарлауынша, әзірге 17 мың гектар жайылым жер қайтарылды. Соның бірі Ордабасы ауданы Ақсары ауылында іске асып, халықтың талабы орындалды.
Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының өкілдері Ордабасы ауданындағы жайылым жер мәселесінің жай-күйімен танысты. «AMANAT» партиясының хатшысы Д.Кәрібек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ж.Әшімжан, Е.Саиров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы — ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы М.Теміржанов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Б.Тәжібаев Ақсары ауылының халқымен кездесті.
Жайылым алқабында өткен Бәйдібек, Отырар, Төлеби аудандарының атқарушы органдарының басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері де қатысты. Партия жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Е.Саиров кездесудің мақсатын айтты.
– Мемлекет басшысы жер мәселесін әділетті шешуді тапсырды. Бүгінгі таңда партияның ең негізгі принципі де осы. Яғни, жер ауылдағы ағайынның еншісінде болуы керек. Құрылған комиссия мүшелері өзіміздің халыққа жерді қалай үлестіреміз деген деген жауап іздеп, бүкіл елді мекенді аралауды бастады. Егер нақты әрі негізі бар проблема болса, ол жергілікті атқарушы орган арқылы шешіле ме әлде Заңға өзгеріс енгізу керек пе осыны анықтаймыз. Кешенді қарастыру үшін тек өзіміз емес Үкіметтің мүшелерімен бірге аралаймыз, – деді Мәжіліс депутаты Е.Саиров.
Төрткөл ауыл округі, Ақсары ауылына жақын орналасқан жайылым алқаптары 910 гектарды құрайды. Бұл жер көлемі ауыл тұрғындарының шаруамен айналысуына аздық етеді. Тұрғындардың уәжін тыңдап, арнайы комиссия арқылы шешуге ықпал ету үшін келген комиссия өкілдері орынды ұсыныстар топтастырылып, Заңға өзгерістер енгізуге жұмыс жүргізетіндерін жеткізді.
– Шешімін күткен мәселердің бірі – жер дауы. Бүгін облыс орталығынан кетіп қалмай, ауылдардың мәселесін естіп, осында арнайы келдік. Заңдағы кодекстерге өзгерту керек болса, оны халықтың талабын тыңдай отырып жүзеге асырғанымыз жөн. Мұнымен тек Үкімет қана жұмыс істемей, партия да араласуы керек. Бір ай бойы заңды зерттедік. Енді ауыл-аймақтардағы мәселелерді саралауға кірістік. Сіздердің ауылдарыңызға 285 мың гектар жер ортақ пайдалануға беріліп отыр. Басқа да жайылымға қатысты сұрақтар әлі қаралады, – деген Д.Кәрібек жер тапшылығының зардабын кешкен тұрғындарға қуанышты хабарды жеткізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін партияның араласуымен ортақ пайдалануға берілетін жердің көлемі ұлғайтылатыны жайлы жаңалық ауыл халқын қуанышқа кенелтті. Себебі күнкөрісі мал шаруашылығына тікелей байланысты ауыл халқының айтқан уәжі тез арада оңтайлы шешіліп отыр.
Республикалық комиссия өкілдері, депутаттар айтылған ұсыныстарды назарда ұстап, тұрғындар талабы орынды екенін жеткізді. Жерге қатысты заңбұзушылықтар көшбасшы партия тарапынан зерделеніп, нақты істермен тиісті шешімдер қабылданады.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...