Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Тұттыбұлақ үңірінен 41 мың жыл бұрынғы тіршілік белгілі болды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.
Сондай-ақ, аталған үңгірден тас құралдары мен адамның жақ сүйегі де табылған. Жақ сүйек алғашқы адам болуы да мүмкін. Қазіргі таңда Германиядағы зертханада анықталуда.
Айта кетейік, ҚР Ұлттық музейінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Таймағамбетов бастаған қазақ-орыс, қазақ-неміс, қазақ-жапон халықаралық экспедициялары Қаратау жотасынан бұрын-соңды белгісіз боп келген палеолит дәуіріне тиесілі 85 үңгір анықталған.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданына қарасты Боралдай тауындағы Тұттыбұлақ үңгірінен табылған орта тас ғасырының деректері 2018 жылы «Palaesilkroad» жобасы аясында Тұттыбұлақ үңгірінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде белгілі болды.
Тұттыбұлақ үңгіріндегі археологиялық қазба жұмыстары қайта басталды. Тас дәуіріне қатысты тағы да тың деректер табылады деген сенім бар. Жуырда, аталған аймаққа пресс-тур ұйымдастыру жоспарлануда.