#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ресей дәнді дақылдарды қайда экспорттайтыны белгілі болды

Патрушев Ресейдің агро сектордағы азық-түлік өнімдеріне ең көп мұқтаж мемлекеттерге қойылған түрлі тосқауыл күшінен қалдырылуы керек деп есептейді. 

Фото ашық интернет көздерінен алынды

Ресей ауыл шаруашылық (егін) өнімдерін тек «дос» елдерге сататын болды, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

РФ Ауыл шаруашылық министрі Дмитрий Патрушев Ресейдің агро сектордағы азық-түлік өнімдеріне ең көп мұқтаж мемлекеттерге қойылған түрлі тосқауыл күшінен қалдырылуы керек деп есептейді.

Сондай-ақ, Патрушев «Егін өнімдеріміз сыртқы нарыққа шығады. Алайда біз дәнді дақылдарды тек «дос» елдерге сатамыз» деп мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путин өткен айдағы мәлімдемесінде биыл ел аумағында  бидай өнімдерінен рекордтық көрсеткіш күтетіндігін айтқан еді.

Ресей лидері санкцияға байланысты әлемнің кей елдерінде ауыл шаруашылық өнімдерінің тапшылығы сезілгендігін айта келе, бұл келеңсіздікке тікелей батыс елдері жауапты деп пайымдайды.

Соңғы жаңалықтар