#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Кенді қаланың «Бас жоспары» өзгереді

Бас жоспарға сәйкес Кентау қаласын дамыту төрт ірі аумақты қалыптастыру арқылы жүзеге асырылмақ.

Кентау қаласының Бас жоспары

Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардың жаңа «Бас жоспарын» таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын үй-коммуналдық секторға арналған «iQala» қызметі

Кенді шаһар басшысы биылғы жылдың 5 айындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Бас жоспарға сәйкес Кентау қаласын дамыту төрт ірі аумақты қалыптастыру арқылы жүзеге асырылмақ.

Дамудың даңғыл жолына түскен моноқалада заман талабына сай ғимараттар бой көтеріп, құрылыс алаңына айналмақ. Мәселен, жаңа әкімшілік іскерлік орталық, бала-бақшалар мен мектептер, Халыққа қызмет көрсету орталығы нысандарының салынуы жоспарланған. Сондай-ақ, 300 төсек орынды аурухана, спорт сарайы, аумағы 16 га болатын университеттің де құрылысының жүргізілуі көзделген.

Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

«Бас жоспарда қаланың ескі бөлігін ретке келтіріп, инвесторларды тарту арқылы жаңа аумақтарда туристік, әлеуметтік және коммерциялық заманауи нысандар мен демалыс орындарын салу жоспарланған. Туризм саласын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін біршама жұмыстарды атқарылады»,- деді Рашид Абатұлы.
Сондай-ақ,, «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қала аумағында 42 «Сергек» бейнебақылау камерасы орнатылған. Қала тұрғындарының басым бөлігі қоғамдық көлікпен жүретіндіктен тозығы жеткен. Оларды ауыстыру қарастырылуда. Ол үшін «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы тасымалдаушы мекеме тарапынан қалаішілік және қаламаңы бағыттарына қатынайтын 15 жаңа қоғамдық көліктерді жаңарту бойынша тиісті жұмыстар атқарылмақ.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...