#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тоқаев халықаралық инвестициялық компания өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында ірі халықаралық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында ірі халықаралық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиында Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының негізгі факторларының біріне айналғанын, сондықтан еліміз инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

«Бұл саладағы жүйелі әрі жан-жақты жұмыстар бізді Орталық Азиядағы ең ірі, посткеңестік кеңістікте жылдам дамып келе жатқан экономикалардың біріне айналдырды. Тәуелсіздік жылдары шетелден 370 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тарттық. Мемлекет инвесторларды барлық жағынан қолдауға басымдық береді. Біз әрбір инвесторды жеке әрі кешенді қолдау қағидатын енгіздік», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент тікелей өзі төрағалық ететін Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвесторлармен өзара ықпалдасу үшін негізгі алаң екенін атап өтті. Нақты секторға тікелей инвестиция тартудан бөлек құнды қағаздар нарығын дамыту мен шетелдік портфельді инвесторларды елге әкелуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қазақстанның аймақтағы ірі капитал нарығын құрап отырғанын жеткізді.

«Ұлттық банк негізгі қаржылық реттеуші ретінде қор нарықтарын одан әрі дамыту жолында белсенді жұмыс істеп жатыр. Қазақстанда бұл саланың құқықтық және инфрақұрылымдық бағыты жетілдірілген. Елімізде екі қор биржасы — Алматыдағы KASE және Астана халықаралық қаржы орталығы табысты қызмет атқарып келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, әлемдегі жетекші уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорыны мен қаржы технологиясы бойынша аймақтағы көшбасшы Kaspi.kz IPO-лары капитал нарығының динамикасын арттырып, ілгерілеуіне үлес қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір елімізде жекешелендіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының түрлі саласында, атап айтқанда мұнай-газ, энергетика, инфрақұрылымда 700-ден астам мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Біз ірі компаниялардың акцияларының ұлттық қор биржаларында тіркелгенін құп көреміз», — деді Мемлекет басшысы.

Президент бүгінгі кездесу қазақстандық капитал нарықтарына шетелдік инвестицияларды көптеп тарту туралы пікір алмасуға тамаша мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев осындай келелі жиынды тұрақты түрде өткізудің маңызды екенін атап өтті.

Жиында Blackrock, Luxor Capital, Lugard Road Capital, Aberdeen Asset Management, Capital Group, Sands Capital, Alameda Research & FTX, Kingsway Capital компанияларының жетекшілері сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...