#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Зияткер оқушылардың Тәуелсіздікке тартуы

«Ұлы дала мұрагерлері» атты дәстүрлі домбырашылар флешмобын өткізді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай, Назарбаев Зияткерлік мектептері бүкіл Республика аумағында «Ұлы дала мұрагерлері» атты дәстүрлі домбырашылар флешмобын өткізді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 1000 астам қатысушыларынан тұратын домбырашылар оркестрі қазақ композиторлары мен күйшілерінің шығармаларын орындап шықты.

Шымкенттік химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі дәстүрге айналған флешмобты қала орталығында орналасқан «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында ұйымдастырды.
Бұл іс-шараның мақсаты — Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ел өркендеуі үшін жасаған игі істерін үлгі етіп, қолдау білдіру, ұлттық аспабымыз домбыра мен ұлттық өнеріміз күйді насихаттап, оқушылар бойына көшбасшылық, елжандылық қасиетті сіңіру.

Шара барысында Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары үшін қолға алынған «100 күй» жобасы қала халқына таныстырылып, оқушылар «Балбырауын», «Келіншек», Нұрғиса Тілендиевтың «Әлқиса», сондай-ақ Абдимомын Желдыбаевтың «Ерке сылқым» атты шығармаларын орындады.
Сондай-ақ аталмыш шара мектептің ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Көрермендердің пікірлеріне сүйенсек, оларға НЗМ оқушыларының домбырада ойнау шеберліктері қатты ұнады және қонақтар ұлттық күйлерді үлкен қызығушылықпен тыңдады. Шараның тартымдылығы соншалық сауда үйіне келген әр адам қол соғып, қошемет көрсетті. Кезекті домбырашылар флешмобы әдеттегісінше қазақ мәдениетін өркендетіп, рухани жаңғыруға жетелегендігіне сеніміміз мол.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Кентауда 109 байланыс орталығының жұмысы жандана түсті

Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың тапсырмасымен қалада тұрғындардың арыз-шағымын, ұсыныс-өтініш дер кезінде қабылдау мақсатында 109 байланыс орталығы құрылып, үздіксіз жұмыс атқарып келеді....

Тұрғындардың өтініші – басты назарда

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады. Қабылдауға қатысқан тұрғындар қоғамдық көліктердің...

Түркістан мен Вильнюс қаласы арасында әуе рейсін ашу ұсынылды

Бүгін Түркістанға еліміздегі Литва Республикасының Бас косулы Гвидас Керушаускас жұмыс сапарымен келді. Балтық жағалауынан келген елшімен Түркістан облысының әкімі Рашид Аюпов кездесу өткізіп екіжақты...

Шымкентте бейнебақылаудың көмегімен 300-ге жуық қылмыс ашылған

Бүгін, 2021 жылдың 3-желтоқсанында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз-брифингін өткіздім. Баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылайтын 1500 бейнебақылау...

Сарапшылар Түркістанның туристік әлеуетін жоғары бағалады

Түркістанның туристік әлеуеті өте жоғары. Мүмкіндіктері де мол. Бүгін Түркістан облысында туризм саласының дамуы және перспективалары талқыланған жиында туризм бизнесінің өкілдері осылай деді. Оларды...

Тоқаев халықаралық инвестициялық компания өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында ірі халықаралық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Жиында Мемлекет басшысы шетелдік инвестициялар Қазақстан дамуының...

Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Сот Жанғұттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...

Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің орташа жалақысын атады, деп хабарлайды ADYM.KZ Inform.kz сайтына сілтеме жасап. «Отандық білім беруді дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі...

Түркістан: Этносаралық қатынастарды тиімді қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Түркістан қаласында «Этносаралық қақтығыстардың алдын алу жолында оның механизмі мен алгоритмін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинар облыс аумағында түрлі саладағы құқықтық қатынастарда этносаралық қақтығыс...