#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Самбодан әлем чемпионатында Қазақстан 10 медаль жеңіп алды

Ташкентте өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алып, командалық есепте төртінші орын иеленді.

Ташкентте өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алып, командалық есепте төртінші орын иеленді. Алғашқы үштікте Ресей, Өзбекстан және Беларусь командалары болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ tengrinews.kz сілтеме жасап.

Өзбекстанда өткен жарысқа әлемнің 51 елінен спортшылар қатысты. Спорттық және жауынгерлік самбодан, әйелдер арасындағы самбодан мықтылар анықталды. Бұл турнир Халықаралық Олимпиада комитеті тәртіпті мойындағаннан кейін өткізілген бірінші турнир болды.

Алтынды әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Гүлдана Әлмұханбетова, ерлер арасында 64 келіге дейінгі салмақта Рахат Жәниет жеңіп алды.

Үш күмісті Мәди Райхан (98 келіге дейін), Ажар Саликова (65 келі) және Ділдәш Күрішбаева (72 келіге дейін) иеленді.

Қола жүлде Болатбек Райымқұловқа (58 келіге дейін), Айдын Дартаевқа (79 келіге дейін), Нұркен Домбаевқа (58 келіге дейін), Әділбек Сейісовқа (64 келіге дейін) және Умар Янковскийге (88 келіге дейін) бұйырды.

Самбо КСРО-да 1938 жылы пайда болды. Ол қарусыз өзін-өзі қорғау техникасына негізделген. Биылғы жылдың 20 шілдесінде ХОК алғаш рет самбоны олимпиадалық спорт түрі ретінде мойындады.

Соңғы жаңалықтар