#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Созақта футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңы ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Созақ ауданы, Балдысу елді мекенінде балалар ойын алаңшасы мен кіші футбол алаңы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Созақ ауданы, Балдысу елді мекенінде балалар ойын алаңшасы мен кіші футбол алаңы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов пен ауыл тұрғындары қатысты.
«Бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Біз де осы бағытта аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқардық. Жыл басынан бері бірнеше спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Осындай игі іске ұйытқы болып отырған «Катко» қазақ француз біріккен кәсіпорнына айтар алғысымыз шексіз. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, тәнін шынықтыратын орынға айналады деп сенеміз», деді аудан басшысы.
Сондай-ақ ауыл ақсақалы Тоқтарбай Молдабеков ақ тілегін арнап, батасын берді. Айта кету керек, Созақ ауданы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында бірлескен жұмыстарды тұрақты түрде атқарып келеді. Осы уақытқа дейін аудандағы елді мекендерде «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қарасты кәсіпорындар бірнеше «Street Workout» және балалар ойын алаңын салды. Енді міне, кәсіпорын демеушілігімен Шолаққорған ауылына қарасты Балдысу елді мекенінде футбол және балалар ойын алаңы салынып, елдің игілігіне беріліп отыр. Футбол және балалар ойын алаңының жалпы аумағы –1800 шаршы метр.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...